Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

© Photo : Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыҚазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді
Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа алдағы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойды.
© Photo : Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыҚазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді
Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді
"Келісімде екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау мәселелері қамтылған", - деп жазылған хабарламада.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.
Сауд Арабиясы рұқсатсыз қажылық жасаушыларға қатаң шара қолданылатынын ескертті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Сауд Арабиясы рұқсатсыз қажылық жасаушыларға қатаң шара қолданылатынын ескертті
Жаңалықтар
0