Сауд Арабиясы рұқсатсыз қажылық жасаушыларға қатаң шара қолданылатынын ескертті

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСауд Арабиясы рұқсатсыз қажылық жасаушыларға қатаң шара қолданылатынын ескертті
Сауд Арабиясы рұқсатсыз қажылық жасаушыларға қатаң шара қолданылатынын ескертті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Жазылу
2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады.
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Негізгі талаптар:
2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін "Nusuk" платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.
2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматтарды соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды
Жаңалықтар
0