Қазақстанда ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаМеталлургия
Металлургия - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды, деп хабарлады Экономика министрлігі.
"ҰСБ-ның алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары", - деп жазылған хабарламада.
Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен. Ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті.
Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артқан.
Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады.
Құрылыс саласында өсім 13,1%-ды, көлік және қоймада – 7,5%-ды, саудада – 6,2%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,2%-ды, байланыс саласында 4,9%-ды құрады.
Токаев посетил завод Tausogar в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5%-ға жетеді деп болжанып отыр
Жаңалықтар
0