https://sputnik.kz/20260518/qazaqstanda-zhio-osimi-biyl-55-ga-zhetedi-dep-bolzhanyp-otyr-63517705.html
Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5%-ға жетеді деп болжанып отыр
Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5%-ға жетеді деп болжанып отыр
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар экономикалық белсенділіктің одан әрі күшейетінін айтты 18.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-18T14:11+0500
2026-05-18T14:11+0500
2026-05-18T14:18+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59892577_0:13:1280:733_1920x0_80_0_0_88da7d934fdd5d2ebb2e1520db9411c0.jpg
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Евразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы бойынша апта сайынғы макроэкономикалық шолуды жариялады.Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2026 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 3,6%-ға дейін жеделдеді. Бірінші тоқсанда жылдық 3% өсім көрсеткен.Негізгі өсім шикізаттық емес салаларда тіркелді:"Экономиканың өсуіне сауда (5,1%) мен ауыл шаруашылығы (3,6%) жақсы әсер етті. Мұнай секторы уақытша тежегіш фактор болып отыр: І тоқсан қорытындысы бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру 19,8%-ға төмендеді. Экономикалық белсенділік одан әрі күшейеді және 2026 жылы ЖІӨ өсім 5,5% деңгейінде болады деп болжанды", - деп хабарлады ЕАБР сарапшылары.Ресейде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында федералдық бюджет тапшылығы 5,9 трлн рубльді (37,8 трлн теңге немесе 80,6 млрд доллар) немесе ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрады.Энергия бағасының екінші тоқсанда жоғарылауына байланысты сарапшылар жыл соңына қарай Ресейдің бюджет жағдайы біртіндеп жақсарады деп болжады.Беларусьте 2026 жылдың сәуірінде жылдық инфляция 5,4% деңгейінде болды. Азық-түлік инфляциясы 7,8%-дан 6,3%-ға дейін баяулаған.Бұл негізінен маусымдық көкөніс пен жеміс бағасының төмендеуімен байланысты: сәуірде олардың бағасы жылына жыл 3,1%-ға төмендеген, ал наурызда 3,5%-ға өскен.Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында инфляция жеделдеп, 6,0%-дан 8,4%-ға жетті. Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің индексациясымен байланысты. Базалық инфляция төртінші ай қатарынан баяулап, наурыздағы 6,4%-дан 5,9%-ға дейін төмендеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59892577_128:0:1152:768_1920x0_80_0_0_5848a63a29d7ab96d60621388c2edb08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5%-ға жетеді деп болжанып отыр
14:11 18.05.2026 (жаңартылды: 14:18 18.05.2026) Сарапшылар экономикалық белсенділіктің одан әрі күшейетінін айтты
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Евразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы бойынша апта сайынғы макроэкономикалық шолуды жариялады.
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 2026 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 3,6%-ға дейін жеделдеді. Бірінші тоқсанда жылдық 3% өсім көрсеткен.
Негізгі өсім шикізаттық емес салаларда тіркелді:
көлік және қоймалау – 12%;
Өнеркәсіп өндірісі 2,1%-ға өсті, оның ішінде өңдеу секторы есебінен, соның ішінде:
құрылыс материалдарын өндіру – 27,7%.
"Экономиканың өсуіне сауда (5,1%) мен ауыл шаруашылығы (3,6%) жақсы әсер етті. Мұнай секторы уақытша тежегіш фактор болып отыр: І тоқсан қорытындысы бойынша мұнай және газ конденсатын өндіру 19,8%-ға төмендеді. Экономикалық белсенділік одан әрі күшейеді және 2026 жылы ЖІӨ өсім 5,5% деңгейінде болады деп болжанды", - деп хабарлады ЕАБР сарапшылары.
Ресейде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында федералдық бюджет тапшылығы 5,9 трлн рубльді (37,8 трлн теңге немесе 80,6 млрд доллар) немесе ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрады.
"Бюджет жағдайының нашарлауына мұнай-газ кірісінің 38,3%-ға төмендеуі негізгі себеп болды. Бұл мұнай бағасының қаңтар-ақпан айларында төмен болуымен байланысты. Жалпы алғанда, мұнайдан тыс түсімдер 10,2%-ға артқанына қарамастан, бюджет кірісі жылына 4,5%-ға қысқарды", - деп атап өтті банк сарапшылары.
Энергия бағасының екінші тоқсанда жоғарылауына байланысты сарапшылар жыл соңына қарай Ресейдің бюджет жағдайы біртіндеп жақсарады деп болжады.
Беларусьте 2026 жылдың сәуірінде жылдық инфляция 5,4% деңгейінде болды. Азық-түлік инфляциясы 7,8%-дан 6,3%-ға дейін баяулаған.
Бұл негізінен маусымдық көкөніс пен жеміс бағасының төмендеуімен байланысты: сәуірде олардың бағасы жылына жыл 3,1%-ға төмендеген, ал наурызда 3,5%-ға өскен.
Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында инфляция жеделдеп, 6,0%-дан 8,4%-ға жетті. Бұл тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің индексациясымен байланысты. Базалық инфляция төртінші ай қатарынан баяулап, наурыздағы 6,4%-дан 5,9%-ға дейін төмендеді.