Қазақстанда бұқа экспортына салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды

© Photo : Telegram-канал AgropresskzҚазақстанда бұқа экспортына салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды
Қазақстанда бұқа экспортына салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Бұл шектеу ЕАЭО елдеріне де қатысты болып отыр
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен бұқаларды Қазақстаннан әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды.
"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.
Бұйрық 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстанда бұқа экспортына тыйым 2025 жылғы шілдеде енгізілген. Содан бері оның мерзімі бірнеше рет ұзартылды.
Газовоз на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Сұйытылған газды шетелге шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Жаңалықтар
0