Сұйытылған газды шетелге шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады

© Sputnik / Виталий ТимкивГазовоз на дороге
Газовоз на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасы 12 қарашаға дейін талқыланады
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды ел аумағынан автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге салынған тыйымды тағы алты айға ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Энергетика министрлігінің тиісті бұйрық жобасына сәйкес, шектеу 2026 жылдың 14 қарашасынан бастап енгізілмек. .
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 12 қарашаға дейін жалғасады.
Министрліктің мәліметінше, шектеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету.
Бұйрық жобасында бұл шараның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға әкелмейтіні, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етпейтіні көрсетілген.
Конференция KIOGE-2026  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Қазақстанда мұнай-газ саласын дамытуға басымдық берілмек
Жаңалықтар
0