https://sputnik.kz/20261110/qazaqstanda-ata-anannyn-uyin-tekser-arnayy-aktsiyasy-bastaldy-68343812.html
Қазақстанда "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды
Қазақстанда "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды
Sputnik Қазақстан
Бүгінде электр құралдарын, пешпен жылыту жүйелерін орнату және пайдалану ережелері жиі бұзылады 10.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-10T10:08+0500
2026-11-10T10:08+0500
2026-11-10T10:10+0500
үкімет
жылу
пеш
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31499181_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_5c15d32a4001d37331f17f3f42d89bfc.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Республика бойынша "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытта өрттердің 55 пайыздан астамы жеке тұрғын үйлерде орын алады.Министрдің айтуынша, бүгінде әкімдіктер волонтерлермен бірлесіп, қариялар тұратын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атаулы көмек көрсетеді. Ал азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында жедел желі ұйымдастырылды.Мұханов өрттің негізгі себептерін де атады. Бүгінде электр құралдарын, пешпен жылыту жүйелерін орнату және пайдалану ережелері жиі бұзылады. Соның салдарынан төтенше жағдайлар болып жатады.
https://sputnik.kz/20261110/bektenov-zhylu-maselesi-boyynsha-shagymdanyp-zhatqan-onirlerdi-atady-68343109.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31499181_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_fa110b517abd0439d9b7e098cf1a67b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жылу, пеш
Қазақстанда "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды
10:08 10.11.2026 (жаңартылды: 10:10 10.11.2026) Бүгінде электр құралдарын, пешпен жылыту жүйелерін орнату және пайдалану ережелері жиі бұзылады
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Республика бойынша "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытта өрттердің 55 пайыздан астамы жеке тұрғын үйлерде орын алады.
"Ал өрт және газдан улану салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі - зейнеткерлер мен уақытша жұмыссыз азаматтар. Осыған байланысты зейнеткерлердің тұрғылықты жеріндегі өрт қауіпсіздігін анықтауға және жоюға бағытталған "Ата-анаңның үйін тексер" арнайы акциясы басталды", - дейді Мұханов.
Министрдің айтуынша, бүгінде әкімдіктер волонтерлермен бірлесіп, қариялар тұратын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атаулы көмек көрсетеді. Ал азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында жедел желі ұйымдастырылды.
Мұханов өрттің негізгі себептерін де атады. Бүгінде электр құралдарын, пешпен жылыту жүйелерін орнату және пайдалану ережелері жиі бұзылады. Соның салдарынан төтенше жағдайлар болып жатады.