Бектенов жылу мәселесі бойынша шағымданып жатқан өңірлерді атады

© Sputnik / Санат ИмангалиевОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Қыста авариялық бригадалар мен арнайы техника дайын тұруы қажет
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жылу мәселесі бойынша шағымданып жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жылыту маусымының барысы қаралды. Ресми мәліметке сәйкес, тұтынушыларға жылу кестеге сәйкес берілді.

"Бірақ жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсіп жатыр. Олардың ішінде Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар. Өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырамын", - деді Бектенов.

Қыста авариялық бригадалар мен арнайы техника дайын тұруы қажет. Ал жергілікті жерде көмірдің бағасы халыққа қолжетімді болуы шарт. Әкімдіктер осы мәселені де басты назарда ұстауға міндетті.
Осы жұмысқа энергетика министрлігі де жауапты. Ал вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев соның бәрін үйлестіретін болады.
Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Ақтауда жылу тапшылығын жою үшін 48 млрд теңгеге жаңа қазандық салынады
Жаңалықтар
0