Қазақстан БҰҰ конференциясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесімен бөлісті

Аральское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Көкарал бөгетінің салынуы нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдыны 870 шаршы шақырымға ұлғайып, судың тұздылығы шамамен екі есе төмендеді
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Қазақстан Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP31) таныстырды.
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев су экожүйелерін қалпына келтіру және Солтүстік Арал теңізін қайта жандандыру тәжірибесіне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі.
Өз сөзінде вице-министр "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасының бірінші кезеңінің нәтижелерін айтты. Жоба Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылды. Көкарал бөгетінің салынуы нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдыны 870 шаршы шақырымға ұлғайып, судың тұздылығы шамамен екі есе төмендеді.
"Солтүстік Аралды қалпына келтіру - бұл тек инженерлік жоба ғана емес, сонымен қатар экожүйені қалпына келтіруге және өңірдің тұрақтылығын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс. Біздің тәжірибеміз инженерлік шешімдер суды ұтымды пайдаланумен ұштасқанда ғана тұрақты нәтиже беретінін көрсетеді. Қазақстан Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін бөлісуге және басқа өңірлерде қолдануға болатын тәсілдерді бірлесіп зерделеуге дайын", - деді Арсен Жақанбаев.
Сондай-ақ қатысушыларға "Солтүстік Арал теңізі және ирригация жүйелерін жаңғырту" кешенді жобасы таныстырылды. Ол суару инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Жобаның бірінші кезеңі 2027-2030 жылдарға жоспарланған және Дүниежүзілік банктің қарызы есебінен іске асырылады.
Бұдан бөлек, Қазақстан халықаралық ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын ұсынды. Олар - тәжірибе алмасу, су экожүйелерін қалпына келтіруді тұрақты қаржыландыру және нақты нәтижелерге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Арал ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді
Жаңалықтар
0