Ақтаулық күзетші жұмыс берушіден 2 млн теңгеден астам ақша өндіріп алды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАқтаулық күзетші жұмыс берушіден 2 млн теңгеден астам ақша өндіріп алды
Ақтаулық күзетші жұмыс берушіден 2 млн теңгеден астам ақша өндіріп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
10 жыл бойы жұмыс істеген серіктестік оны жұмыс кезінде ұялы телефон пайдаланып, бекітілген орында болмағаны үшін шығарып жіберген
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ақтау қаласының №2 сотында бұрынғы күзетшінің серіктестікке қатысты еңбек дауы мәселесі қаралды.
Талап қоюшы сотқа жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуы заңсыз деп шағымданып, жұмысқа қайта орналастыруды және тиісті төлемдерді өндіруді сұраған.
Анықталғандай, ол 2016 жылдан бастап "К" ЖШС-де күзетші болып жұмыс істеген. Алайда жұмыс берушінің 2026 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен еңбек міндеттерін бірнеше рет орындамағаны үшін жұмыстан босатылған.
"Жұмыстан шығаруға күзетшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде бекітілген орнында болмағаны және ұялы телефон пайдаланғаны себеп болған", - дейді сот.
Іс материалдарын, бейнебақылау камераларының жазбалары мен тараптардың уәжін зерделей келе, сот жұмыстан шығару заңсыз деген қорытындыға келді.
Жұмыс беруші күзетшінің өз еркімен күзет орнын тастап кеткенін немесе күзетілетін нысанды қараусыз қалдырғанын растайтын шынайы дәлелдемелер ұсынбаған.
"Сот қысқы мезгілде қатты аязға байланысты күзетшінің жылыну және бейнебақылау камералары арқылы аумақты бақылау мақсатында ғимарат ішінде болуын негізді деп таныды", - делінген хабарламада.
Сотта жұмыс берушінің далада қызмет атқаратын қызметкерге тиісті жылыну жағдайлары қамтамасыз етілмегенін де ескерді. Осыған байланысты күзетшіден үнемі далада болуды талап ету әділдік пен парасаттылық қағидаттарын ескере отырып, негізсіз деп танылды.

Сот шешімі:
жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Күзетші лауазымына қайта орналастырылды.
Жұмыссыз бос жүрген кезеңі үшін 2 052 997 теңге көлемінде жалақы өндірілді. Моральдық зиянды өтеу есебінен 50 000 теңге ақшалай өтемақы және сот шығындары өндірілді.
Портмоне деньги, тенге купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
"Жұмыста 3 сағат болмаған": қызметке қайта тұрған ер адам сотта 2,3 млн теңге өндіріп алды
Жаңалықтар
0