"Жұмыста 3 сағат болмаған": қызметке қайта тұрған ер адам сотта 2,3 млн теңге өндіріп алды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне деньги, тенге купюры
Портмоне деньги, тенге купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Сот жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Оралда жұмыстан шығарылған құтқарушы қызметке қайта тұрып, сот арқылы жалақысын өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін қызметтен босатылған. Осыдан кейін ол қалалық сотқа арыз түсірді.
"Жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жазбаша түсініктеме талап ету жөніндегі заңды міндетін орындамаған. Сот жұмыс берушінің бұл әрекеті еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, құтқарушы бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды. Ал жұмыс беруші оның пайдасына бос жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары ретінде 350 000 теңге төлеуге міндеттелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Ақмола облысында науқас емханадан 1,6 млн теңге өндіріп алды
Жаңалықтар
0