Ақмола облысында науқас емханадан 1,6 млн теңге өндіріп алды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Астаналық дәрігерлер шұғыл ота жасап, науқастың денесінен 1,5 литр ірің шығарған
АЛМАТЫ, 17 тамыз –Sputnik. Ақмола облысының Целиноград ауданында науқас сот арқылы емханадан 1 614 000 теңге өндіріп алды, деп хабарлайды облыстық сот.
Науқастың шағымын Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қарады.
Былтыр шілдеде тұрғын бас ауруы, жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуының көтерілуі және иығының ауырғанына шағымданып, аудандық емханаға жүгінген. Оған ЖРВИ, жедел назофарингит, асқыну сатысындағы созылмалы бронхит және полисегментарлық пневмония диагноздары қойылған.
"Бірнеше күннен кейін науқас қолдары мен иық буындарының ауыратынын, ісік пайда болғанын айтып, қайта шағымданған. Дәрігер ревматоидты артрит диагнозын қойып, травматологтың кеңесіне жүгінуді ұсынған. Травматолог иық буыны байламдарының созылуы және шамадан тыс күш түсуі деген диагноз қойған. Дәрігер Е. травматолог қойған диагнозды қайталаған", - дейді сот.
Алайда бір аптадан кейін науқас жағдайы күрт нашарлап, Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Астаналық дәрігерлер шұғыл ота жасап, науқастың денесінен 1,5 литр ірің шығарған.
Сот емхана дәрігерлерінің салғырттығы салдарынан науқастың денсаулығына едәуір зиян келгенін анықтаған.
"Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Емханадан науқастың пайдасына 700 мың теңге моральдық зиянның өтемақысы өндірілді. Сондай-ақ талап қоюшының еңбекке уақытша жарамсыздық парағында ұзақ уақыт болуына байланысты жоғалтқан 914 мың теңге табысы өндірілді", — деп хабарлады Ақмола облыстық соты.
Осылайша, емхана науқасқа жалпы 1 614 000 теңге төлеуге міндеттелді.
Аурухана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2018
Әлем
Дәрігерлер қателесіп сау аяғын кесіп тастаған зейнеткер көз жұмды
Жаңалықтар
0