Әл-ауқат бағалау калькуляторы жәрдемақыға әсер ете ме - министрлік түсіндірмесі

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Әл-ауқат бағалау калькуляторы жәрдемақыға әсер ете ме - министрлік түсіндірмесі
Әл-ауқат бағалау калькуляторы жәрдемақыға әсер ете ме - министрлік түсіндірмесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2026
Жазылу
Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасының әлеуметтік жағдайына алдын ала баға бере алады
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасының әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс ісейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде eGov Mobile мобильді қосымшасында әл-ауқатты бағалау калькуляторы бар. Соның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасының әлеуметтік жағдайына берілетін бағаны алдын ала көре алады.
Авторизациядан өткеннен кейін кейбір мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі. Олар:
пайдаланушының жынысы мен жасы;
атына тіркелген жеңіл және коммерциялық көлік құралдары;
ауыл шаруашылығы техникасы;
жылжымайтын мүлік;
жер учаскелері;
кәсіпкерлік қызметке қатысуы.
Ал қалған мәліметтерді азамат өзі толтырады. Атап айтқанда, өзімен бірге тұратын отбасы мүшелері, олардың жұмыспен қамтылуы, мүгедектігі немесе созылмалы ауруларының болуы, несиелері мен мүлкі туралы ақпаратты көрсету қажет.
"Тұрғын үй, автокөліктер мен жер учаскелері отбасының әр мүшесі бойынша жеке енгізіледі. Ал отбасының сыйақылар мен үстемеақыларды қоса алғандағы орташа айлық табысы бір жалпы сомамен көрсетіледі", - дейді министрлік мамандары.
Отбасының әл-ауқатты бағалау нәтижесі енгізілген мәліметтердің дұрыстығына тікелей байланысты. Егер табыс пен мүлік туралы ақпарат енгізілмесе, алдын ала бағалау нақты жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін.

Ескі мәліметті қалай түзету керек

Калькуляторда сатылып кеткен автокөлік немесе өзектілігін жоғалтқан басқа мүлік көрсетілсе, мәліметтерді сервистің өзінде түзетуге болады. Алайда мұндай өзгерістер мемлекеттік дерекқорларда сақталған ресми ақпаратқа әсер етпейді.
"Ресми мәліметтерге түзету енгізу үшін eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы уәкілетті органға не тұрғылықты жері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгіну қажет", - делінген ресми хабарламада.
Есептеу аяқталғаннан кейін пайдаланушы алдын ала нәтижемен танысып, өз келісімін береді, я болмаса, келіспейтінін білдіреді.

Калькулятор жәрдемақыға әсер ете ме

Калькулятор тек ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Онда көрсетілген нәтиже жәрдемақының тағайындалуна, мөлшерінің өзгеруіне немесе төлемнің тоқтатылуына еш әсер етпейді.
"Калькуляторды пайдалану жәрдемақыдан бас тарту туралы өтініш болып саналмайды және төлемді тоқтатуға немесе уақытша тоқтата тұруға негіз бола алмайды. Осылайша, калькулятор отбасының әл-ауқатына алдын ала баға беруге, бастапқы мәліметтерді тексеруге және қажет болған жағдайда есептеуді қайта жүргізуге мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Айта кетері, калькулятор тек жәрдемақы алушыларға қолжетімді. Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Оны бірнеше рет пайдалануға болады.
Серик Жумангарин - зампремьера, глава Миннацэкономики Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Отбасының әл-ауқатын бағалау: үкімет сынақ мерзімін белгіледі
Жаңалықтар
0