Отбасының әл-ауқатын бағалау: үкімет сынақ мерзімін белгіледі

© Sputnik / Санат ИмангалиевСерик Жумангарин - зампремьера, глава Миннацэкономики Казахстана
Серик Жумангарин - зампремьера, глава Миннацэкономики Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың пилоттық жобасы жыл соңында аяқталады. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл желтоқсанда Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. Осыдан кейін пилоттық жоба аясында бірінші кезекте "А" және "В" санаттарына жататын азаматтардың әл-ауқаты бағаланады. Сынақ кезеңі бір айға созылады.
"Атаулы әлеуметтік қолдау көрсету бөлігінде жыл соңына дейін отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа цифрлық тәсілдерін пилоттық сынақтан өткізу аяқталады, мұқтаждық қағидатын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады",- деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал келесі жылдан бастам жәрдемақыға мұқтаждық принциптері кезең-кезеңімен енгізіледі.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Отбасының цифрлық картасы бір айдан кейін банктермен интеграцияланады
Жаңалықтар
0