101 шөбере мен 50 шөпшегі бар: Түркістанда майдангердің ғасыр тойын бүкіл ауыл тойлады

© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Жазылу
Ахмаджан Анартаев 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, 64-атқыштар полкінде әскери қызмет атқарған
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Түркістан облысы, Ақсукент ауылында соғыс ардагері Ахмаджан Анартаевтың 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.
Майдангерді құттықтауға әкімдік қызметкерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, майдангердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Майдангерді құттықтауға әкімдік қызметкерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, майдангердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары қатысты.

101 шөбере мен 50 шөпшегі бар: Түркістанда майдангердің ғасыр тойын бүкіл ауыл тойлады
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Ахмаджан Анартаев 1926 жылғы 10 қарашада Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, 64-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып әскери қызмет атқарған. Польша мен Германия аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Майдандағы ерлігі мен ел игілігі жолындағы еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.
"Бүгінде қария ауылдастарының арасында зор құрметке ие, үлкен әрі тату отбасының ақсақалы. Төрт ұл мен бес қыздан 35 немере, 101 шөбере және 50 шөпшек сүйіп отыр" - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Соғыс ардагерінің құрметіне ұйымдастырылған салтанатты іс-шара орталық саябақтағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

101 шөбере мен 50 шөпшегі бар: Түркістанда майдангердің ғасыр тойын бүкіл ауыл тойлады
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Мерейтойға қатысушылар майдангерге ақжарма тілектерін арнап, туған-туыстарының ортасында амандықта болуын тіледі.
