Қостанайда соғыс ардагері 101 жасқа толды

© Пресс-служба Минобороны КазахстанаВ Костанае военнослужащие поздравили фронтовика Касымхана Алдабергенова со 101 днем рождения
В Костанае военнослужащие поздравили фронтовика Касымхана Алдабергенова со 101 днем рождения - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
Қасымхан Алдабергенов 1925 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысы Қамысты ауданының Талдысай ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Жітіқара аудандық әскери комиссариаты арқылы қызыл әскер қатарына шақырылған
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов 101 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Майдангерге қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды. Ал облыстық қорғаныс істері департаментінің басшылығы оған арнайы кіріп шықты.
"Сіз соғыстың ауыр сынақтарынан өтіп, ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеттіңіз. Сіздің өмір жолыңыз – табандылықтың, батылдықтың және Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, амандық-саулық, туған-туыстарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз", – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Тимур Сәтбаев.
Өз кезегінде ардагер әскери қызметшілерге көңіл бөліп, жылы лебіздерін білдіргендері үшін алғысын айтты. Соғыс жылдарындағы естеліктерімен де бөлісті.

Соғыстан кейін тілші болды

Қасымхан Алдабергенов 1925 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысы Қамысты ауданының Талдысай ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Жітіқара аудандық әскери комиссариаты арқылы қызыл әскер қатарына шақырылған. Ал бір жылдан кейін Златоустовский пулеметшілер училищесін тәмамдап, майданға аттанған.
Алдабергенов Венгрия, Австрия және Чехословакияны азат етті. Сол кезде ерлігі мен қайсарлығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған болатын.
1950 жылы соғыстан елге оралып, мектепте мұғалім болып еңбек етті. Ал 1971 жылдан бастап облыстық "Қостанай таңы" газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарған.
В Усть-Каменогорске своё 100-летие отметил участник Великой Отечественной войны Макар Харин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Өскеменде соғыс ардагері 100 жасқа толды
Жаңалықтар
0