Жаңбыр, жел, көктайғақ: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп болжанады.

"Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда жаңбыр мен қар күтіледі. Көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек еліміздің батысында 11–12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз еліміздің батысында +3…+12°С, солтүстік-батысында 0…+8°С, солтүстігінде, шығысында және орталығында −3…+5°С, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +2…+10°С болады.
Осень в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жаңалықтар
0