https://sputnik.kz/20261109/shymkentten-soltustik-zhane-shygys-onirlerge-196-otbasy-qonys-audardy-68314873.html
Шымкенттен солтүстік және шығыс өңірлерге 196 отбасы қоныс аударды
Шымкенттен солтүстік және шығыс өңірлерге 196 отбасы қоныс аударды
Sputnik Қазақстан
Үкімет ерікті қоныс аударуға арналған сегіз өңірді белгілеген 09.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-09T08:00+0500
2026-11-09T08:00+0500
2026-11-09T08:00+0500
шымкент
қандастар
қоныс аударушылар
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_5e892a984a2cf811b4450879447dfb27.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. 2026 жылдың он айында Шымкент қаласынан Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне 196 отбасы немесе 817 адам өз еркімен қоныс аударды, деп хабарлады Otyrar.kz.Қала әкімдігінің мәліметінше, көшіп барған отбасылардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын таңдаған.Шымкенттіктер қай өңірлерге қоныс аударды?2026 жылдың он айындағы көрсеткіш бойынша:Көшіп барған 817 адамның 473-і – балалар, 234-і – еңбекке қабілетті азаматтар, ал 110-ы үй шаруасымен айналысады.Қандастарға қандай қолдау көрсетілді?Шымкентте тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға да қолдау көрсетіліп жатыр.2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында 68 отбасы немесе 142 адам қандас мәртебесін алған. Тағы төрт азаматтың бұрын берілген мәртебесінің мерзімі алты айға ұзартылған.Қолданыстағы тәртіп бойынша, қандас мәртебесі үкімет белгілеген өңірлерге қоныс аудару шартымен бес жылға беріледі. Ал Шымкент қаласы қандастарды қабылдайтын өңірлер тізіміне кірмейді.Қандай өңірлерге көшуге болады?Үкімет ерікті қоныс аударуға арналған сегіз өңірді белгілеген:Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге тұрғындарды тарту, көшіп барған азаматтарды жұмыспен қамту және елдегі еңбек ресурстарын өңірлер арасында тиімді бөлу.
https://sputnik.kz/20260730/qonys-audaru-bagdarlamasy-aqshalay-komektin-molsheri-artty-65290839.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/426/23/4262379_67:0:1774:1280_1920x0_80_0_0_6dfe3702f86f23c78400296db1833084.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қандастар, қоныс аударушылар
шымкент, қандастар, қоныс аударушылар
Шымкенттен солтүстік және шығыс өңірлерге 196 отбасы қоныс аударды
Үкімет ерікті қоныс аударуға арналған сегіз өңірді белгілеген
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. 2026 жылдың он айында Шымкент қаласынан Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне 196 отбасы немесе 817 адам өз еркімен қоныс аударды, деп хабарлады
Otyrar.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, көшіп барған отбасылардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарын таңдаған.
Шымкенттіктер қай өңірлерге қоныс аударды?
2026 жылдың он айындағы көрсеткіш бойынша:
Солтүстік Қазақстан облысына – 81 отбасы (375 адам);
Павлодар облысына – 53 отбасы (192 адам);
Шығыс Қазақстан облысына – 33 отбасы (121 адам);
Қостанай облысына – 16 отбасы (62 адам);
Абай облысына – 7 отбасы (37 адам);
Қарағанды облысына – 3 отбасы (16 адам);
Ұлытау облысына – 3 отбасы (14 адам) қоныс аударған.
Көшіп барған 817 адамның 473-і – балалар, 234-і – еңбекке қабілетті азаматтар, ал 110-ы үй шаруасымен айналысады.
Қандастарға қандай қолдау көрсетілді?
Шымкентте тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға да қолдау көрсетіліп жатыр.
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында 68 отбасы немесе 142 адам қандас мәртебесін алған. Тағы төрт азаматтың бұрын берілген мәртебесінің мерзімі алты айға ұзартылған.
Қолданыстағы тәртіп бойынша, қандас мәртебесі үкімет белгілеген өңірлерге қоныс аудару шартымен бес жылға беріледі. Ал Шымкент қаласы қандастарды қабылдайтын өңірлер тізіміне кірмейді.
Қандай өңірлерге көшуге болады?
Үкімет ерікті қоныс аударуға арналған сегіз өңірді белгілеген:
1.
Солтүстік Қазақстан облысы;
4.
Шығыс Қазақстан облысы;
Бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге тұрғындарды тарту, көшіп барған азаматтарды жұмыспен қамту және елдегі еңбек ресурстарын өңірлер арасында тиімді бөлу.