Қоныс аудару бағдарламасы: ақшалай көмектің мөлшері артты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Жазылу
Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй алу, жалдау шығындарын өтеу және жұмысқа орналасу бойынша қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қазақстанда кадр тапшылығы бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында көрсетілетін ақшалай қолдаудың көлемі ұлғайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) артты.
"Бұл қаражатты қатысушылар жаңа өңірден жеке тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады. Өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың тек өңір ауыстыруына емес, жаңа жерде жайлы қоныстанып, баспаналы болып, тұрақты өмір сүруіне жағдай жасау", – дейді министрлік мамандары.
Бүгінде мемлекеттік қолдау тек тұрғын үй сертификатымен шектелмейді. Қоныс аударушыларға түрлі субсидиялар төленеді. Атап айтқанда, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындары өтеледі, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар жаңа өңірге көшпей тұрып, жұмыс берушіні таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Бағдарламаға қатысушылардың тізімі де кеңейтілді. Бұған дейін оған негізінен жұмыссыз азаматтар қатысса, енді мемлекеттік қолдау шараларын еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.
Қазіргі таңда бағдарлама толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Өтінім беру, өңірлер картасымен, сұранысқа ие мамандықтар тізімімен танысу және қолайлы бос жұмыс орнын таңдау мүмкіндігі migration.enbek.kz порталы арқылы қашықтан қолжетімді.
Айта кетері, 2017 жылдан бері бұл бағдарламаға 73,9 мың адам қатысқан. Оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының арқасында 31 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Енді қоныс аударып, жұмысқа орналасатын аймақты онлайн таңдауға болады
Жаңалықтар
0