https://sputnik.kz/20260709/endi-qonys-audaryp-zhumysqa-ornalasatyn-aymaqty-onlayn-tandauga-bolady-64789915.html
Енді қоныс аударып, жұмысқа орналасатын аймақты онлайн таңдауға болады
Енді қоныс аударып, жұмысқа орналасатын аймақты онлайн таңдауға болады
Sputnik Қазақстан
Пайдаланушылар өздерін қызықтыратын өңірді таңдап, ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпаратты бірден ала алады 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T20:56+0500
2026-07-09T20:56+0500
2026-07-09T20:56+0500
қоныс аударушылар
онлайн режим
онлайн тіркелу
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аудару мүмкіндігін қарастырып жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Платформа қоныстандыру өңірлеріндегі қабылдау шарттарымен танысуға, сондай-ақ ресми жұмысқа орналасуға сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімін көруге мүмкіндік береді.Порталда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне ерекше назар аударылған. Бүгінде ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында:Бұл тізім тұрақты түрде жаңартылып отырады. Бұл пайдаланушыларға өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалап, кәсіби дағдылары жоғары сұранысқа ие болатын өңірді таңдауға мүмкіндік береді.Сервистің интерактивті картасында елді мекендер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым және кеңес алуға арналған байланыс деректері туралы мәліметтер де орналастырылған.Еске салсақ, үкімет биылғы жылға арналған ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарын айқындады.
https://sputnik.kz/20260624/qostanay-oblysynda-qonys-audarushylar-baspana-alu-kezinde-alayaqtyq-zhasagany-anyqtaldy-64389770.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоныс аударушылар, онлайн режим, онлайн тіркелу
қоныс аударушылар, онлайн режим, онлайн тіркелу
Енді қоныс аударып, жұмысқа орналасатын аймақты онлайн таңдауға болады
Пайдаланушылар өздерін қызықтыратын өңірді таңдап, ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпаратты бірден ала алады
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аудару мүмкіндігін қарастырып жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Платформа қоныстандыру өңірлеріндегі қабылдау шарттарымен танысуға, сондай-ақ ресми жұмысқа орналасуға сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімін көруге мүмкіндік береді.
"Пайдаланушылар өздерін қызықтыратын өңірді таңдап, сол аймақтағы бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй жағдайлары және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын өзге де мүмкіндіктер туралы ақпаратты бірден ала алады", - дейді министрлік.
Порталда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне ерекше назар аударылған. Бүгінде ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында:
Денсаулық сақтау – дәрігерлер, мейіргерлер және өзге де медицина қызметкерлері;
Білім беру – мұғалімдер, мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері;
Инженерлік-техникалық бағыт – түрлі техникалық мамандық иелері;
Ауыл шаруашылығы – агрономдар, ветеринарлар және салалық мамандар;
Көлік – механизаторлар, тракторшылар және жүргізушілер;
Жұмысшы мамандықтары – электр монтерлері, электр мамандары, дәнекерлеушілер, токарьлар;
Құрылыс – тас қалаушылар, бетоншылар, монтажшылар және әрлеушілер;
Басқару және әлеуметтік сала – бухгалтерлер, экономистер, мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандары.
Бұл тізім тұрақты түрде жаңартылып отырады. Бұл пайдаланушыларға өз мүмкіндіктерін алдын ала бағалап, кәсіби дағдылары жоғары сұранысқа ие болатын өңірді таңдауға мүмкіндік береді.
Сервистің интерактивті картасында елді мекендер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым және кеңес алуға арналған байланыс деректері туралы мәліметтер де орналастырылған.
Еске салсақ, үкімет биылғы жылға арналған ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарын айқындады.