https://sputnik.kz/20260624/qostanay-oblysynda-qonys-audarushylar-baspana-alu-kezinde-alayaqtyq-zhasagany-anyqtaldy-64389770.html
Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасағаны анықталды
Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасағаны анықталды
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қоныс аударушылар кінәсін мойындады 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T12:03+0500
2026-06-24T12:03+0500
2026-06-24T12:03+0500
қостанай облысы
қоныс аударушылар
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ff9a638d595b97dcc13bdba30980bd6d.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қостанай облысының Қарабалық ауданында қоныс аударушылардың тұрғын үй сатып алу үшін заңға қайшы әрекеттерге барғаны анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.Айта кетері, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоныс аударушыларға келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекендерде тұрғын үй сатып алу кезінде 1 625 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаты ұсынылады.Сонымен қатар, жекелеген тұлғалар аталған мемлекеттік қолдау тетігін заңсыз мақсаттарда пайдаланғаны анықталды. Мәселен, 2024 жылы бір қоныс аударушы жалған сатып алу-сату шартын жасау арқылы 6 миллион теңгеге пәтер сатып алды, оның 3 миллион теңгесі бюджеттік қаражат есебінен қаржыландыруға жатады.Алаяқтық фактілері бойынша Қарабалық аудандық прокуратурасы 2 қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қоныс аударушылар кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген жалпы сомасы 5,7 миллион теңге шығынды толық көлемде өтеді. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
https://sputnik.kz/20260623/basqa-kolikke-auystyryp-tieydi-politsiya-logistika-salasyndagy-alayaqtyq-turaly-eskertti-64349716.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_eecbf21d5fd34b2df896c8a542cd22d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, қоныс аударушылар, алаяқтық
қостанай облысы, қоныс аударушылар, алаяқтық
Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасағаны анықталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қоныс аударушылар кінәсін мойындады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қостанай облысының Қарабалық ауданында қоныс аударушылардың тұрғын үй сатып алу үшін заңға қайшы әрекеттерге барғаны анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.
Айта кетері, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоныс аударушыларға келу өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекендерде тұрғын үй сатып алу кезінде 1 625 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаты ұсынылады.
Сонымен қатар, жекелеген тұлғалар аталған мемлекеттік қолдау тетігін заңсыз мақсаттарда пайдаланғаны анықталды. Мәселен, 2024 жылы бір қоныс аударушы жалған сатып алу-сату шартын жасау арқылы 6 миллион теңгеге пәтер сатып алды, оның 3 миллион теңгесі бюджеттік қаражат есебінен қаржыландыруға жатады.
"Тексеру барысында пәтер сатушысы нақты 1,6 миллион теңге алғаны, ал шарттағы тұрғын үй құны сатып алушының өтініші бойынша жасанды түрде көтерілгені анықталды. Сол сияқты, басқа қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша 2,67 миллион теңге алып, құны 5,5 миллион теңгеге көтерілген пәтер сатып алды", - делінген хабарламада.
Алаяқтық фактілері бойынша Қарабалық аудандық прокуратурасы 2 қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қоныс аударушылар кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген жалпы сомасы 5,7 миллион теңге шығынды толық көлемде өтеді. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.