https://sputnik.kz/20261109/polshada-kolikten-oq-zhaudyrgan-er-adam-aurukhanada-koz-zhumdy-68326780.html
Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды
Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Күдіктінің үйінен үш адамның мәйіті мен жеті қару табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол әпкесі мен ата-анасын өлтірген 09.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-09T12:49+0500
2026-11-09T12:49+0500
2026-11-09T12:49+0500
аурухана
оқ ату
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/09/68324247_0:160:3071:1887_1920x0_80_0_0_c1812e74c08407e72e2ea55133e85203.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Польшаның Краков қаласындағы Бас базар алаңында оқ атып, алты адамның өліміне себеп болған ер адам дүйсенбі күні таңертең ауруханада көз жұмды.Бұған дейін Польша бас прокуроры Вальдемар Журек Краковта өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.Шенеуніктің айтуынша, қаскөй жалғыз әрекет еткен. Алайда тергеушілер қазір оның байланыстарын тексеріп жатыр.Оқиға сенбі күні болған. 24 жастағы ер адам қаланың ескі бөлігінде жүріп келе жатқан көліктен өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан. Террорлық шабуыл салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.Шабуыл жасаған адамды ұстау кезінде жаралап, ауруханаға жеткізген. Ол Польша азаматы болып шықты.Польша радиосының хабарлауынша, шабуыл жасаған адамның көлігінен көп мөлшерде оқ-дәрі табылған. Ол әскери үлгідегі ұзын ұңғылы қарудан оқ атқан.Күдіктінің үйінен үш адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол әпкесі мен ата-анасын өлтірген. Сондай-ақ пәтерден жеті атыс қаруы анықталған. Болжам бойынша қарулар шабуыл жасаған адамның әкесіне тиесілі болған. Оның қару қолдануға рұқсаты болған.Польша прокуратурасы терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20261108/toqaev-polsha-prezidentine-konil-aytu-zhedelkhatyn-zholdady-68317198.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/09/68324247_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_d5d027cc395acaf6e0c5b16c488cbd81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана, оқ ату
Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды
Күдіктінің үйінен үш адамның мәйіті мен жеті қару табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол әпкесі мен ата-анасын өлтірген
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Польшаның Краков қаласындағы Бас базар алаңында оқ атып, алты адамның өліміне себеп болған ер адам дүйсенбі күні таңертең ауруханада көз жұмды.
"Қайғылы оқиғаны кінәлі адам бүгін таңертең ауруханада қайтыс болғанын хабарлаймыз", – делінген полицияның Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Бұған дейін Польша бас прокуроры Вальдемар Журек Краковта өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Шенеуніктің айтуынша, қаскөй жалғыз әрекет еткен. Алайда тергеушілер қазір оның байланыстарын тексеріп жатыр.
"Арнайы қызметтер мен полиция оның телефон және интернет арқылы жасаған барлық байланысын тексергенше күтуіміз керек. Олар кіммен байланысқанын, бұл әрекеттің артында қандай да бір ұйымдар немесе басқа адамдар тұрған-тұрмағанын анықтайды", – деді Журек.
Оқиға сенбі күні болған. 24 жастағы ер адам қаланың ескі бөлігінде жүріп келе жатқан көліктен өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан. Террорлық шабуыл салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.
Шабуыл жасаған адамды ұстау кезінде жаралап, ауруханаға жеткізген. Ол Польша азаматы болып шықты.
Польша радиосының хабарлауынша, шабуыл жасаған адамның көлігінен көп мөлшерде оқ-дәрі табылған. Ол әскери үлгідегі ұзын ұңғылы қарудан оқ атқан.
Күдіктінің үйінен үш адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол әпкесі мен ата-анасын өлтірген. Сондай-ақ пәтерден жеті атыс қаруы анықталған. Болжам бойынша қарулар шабуыл жасаған адамның әкесіне тиесілі болған. Оның қару қолдануға рұқсаты болған.
Польша прокуратурасы терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.