https://sputnik.kz/20261108/toqaev-polsha-prezidentine-konil-aytu-zhedelkhatyn-zholdady-68317198.html
Тоқаев Польша президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Польша президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Sputnik Қазақстан
Белгісіз біреу жүріп келе жатқан көліктен оқ атып, алты адам қаза тапты 08.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-08T19:52+0500
2026-11-08T19:52+0500
2026-11-08T19:52+0500
қасым-жомарт тоқаев
көңіл айту
атыс
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0c/67512313_0:219:2560:1660_1920x0_80_0_0_5fee36e2df34d690a0f3670d11d1dce6.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.Еске сала кетейік, сенбі күні кешке Польша полициясы Краков қаласының орталығында белгісіз біреудің жүріп келе жатқан көліктен оқ атқанын хабарлады. Кейін құқық қорғау органдары алты адамның қаза тапқанын, тағы 16 адамның жараланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар. Күдікті ұсталды. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің үйін тінту кезінде оның әпкесі мен ата-анасының мәйіттері табылған.
https://sputnik.kz/20261108/alty-adam-qaza-tauyp-17-adam-zharalandy-krakovta-belgisiz-bireuler-atys-uyymdastyrdy-68310168.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0c/67512313_309:144:2439:1741_1920x0_80_0_0_c941adfb40d5cd06d05fab6e577e8fbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, көңіл айту, атыс
қасым-жомарт тоқаев, көңіл айту, атыс
Тоқаев Польша президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Белгісіз біреу жүріп келе жатқан көліктен оқ атып, алты адам қаза тапты
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, сенбі күні кешке Польша полициясы Краков қаласының орталығында белгісіз біреудің жүріп келе жатқан көліктен оқ атқанын хабарлады. Кейін құқық қорғау органдары алты адамның қаза тапқанын, тағы 16 адамның жараланғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар. Күдікті ұсталды. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдіктінің үйін тінту кезінде оның әпкесі мен ата-анасының мәйіттері табылған.