Ақтөбе облысында 15 жыл бұрын жабылған аэродром қайта ашылады

© PhotoҰшақ салоны
Ұшақ салоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Жолаушылар тасымалы күндізгі уақытта орындалады
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласының аэродромы іске қосылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аэродром Шалқар қаласынан шамамен жеті шақырым қашықтықта орналасқан. Реконструкциялау кезінде ұшу-қону жолағын күшейту, перрон мен рульдеу жолын жаңарту, қоршау орнату, модульдік жолаушылар павильонын салу және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жобалауға бес ай, ал құрылыс-монтаждау жұмыстарына алты ай кетеді деген жоспар бар. Бірақ жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу уақыты тағы бар.
"Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аэродром сертификаттаудан өтуі тиіс. Әуе рейстерінің іске қосылуы инфрақұрылымның дайындығы, әуе кемелерінің сатып алынуы және қажетті рұқсат беру рәсімдерінің аяқталуына байланысты болады", - дейді әкімдік мамандары.
Аэродром 19 жолаушыға есептелген L-410 ұшақтарын қабылдайды. Жолаушылар тасымалы күндізгі уақытта орындалады. Ал ұшақтар "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы қаржылық лизинг шарттарымен сатып алынады.
Айта кетері, Ақтөбе облысында жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы 2011 жылдан бері жүзеге асырылмай келеді. Қазіргі уақытта өңірде шағын авиацияны дамытуға қажетті инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр. Шалқар аэродромы 15 жылдан бері қызмет көрсетпейді.
Абай облысында аудандық әуежай жаңғыртылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Абай облысында аудандық әуежай жаңғыртылып жатыр
Жаңалықтар
0