Абай облысында аудандық әуежай жаңғыртылып жатыр

© Абай облысының әкімдігіАбай облысында аудандық әуежай жаңғыртылып жатыр
Абай облысында аудандық әуежай жаңғыртылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Жазылу
Жаңғырту жұмыстарынан кейін, әуежай сағатына 140 жолаушыға дейін қызмет көрсетеді
АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Абай облысы Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Үржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
"Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай артады", - дейді облыс әкімдігі.
Қазір әуежай сағатына 30 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 140 жолаушыға дейін ұлғаяды.
Эскиз будущего аэропорта в Катон-Карагае показали министру транспорта Карабаеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Қазақстанда 2028 жылға дейін төрт жаңа әуежай салынады – үкімет
Жаңалықтар
0