Алматы метросында адамдар кептеліп қалды

© Photo : акимат АлматыТурникеты в метро Алматы
Турникеты в метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Барлық станцияда "Оңай" жүйесінің QR-кодпен төлеу қызметі істемей қалған
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Алматы метросының әкімшілігі бүгінгі кіреберісте болған ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін таңертең жүздеген адам метроға кіре алмай қалды. Олардың арасында баламен келген жолаушылар да болды.
Метро әкімшілігі таратқан мәліметке сәйкес, таңғы сағат 06:30-да барлық станцияда "Оңай" жүйесінің QR-кодпен төлеу қызметі істемей қалған.
"Бірақ төлемнің басқа тәсілдері штаттық режимде істеп тұрды. Атап айтқанда, "Оңай" көлік картасын, банк карталарын, Apple Pay, Samsung Pay, сондай-ақ, қағаз QR-билеттерін қолдануға мүмкіндік болды. Ал сағат 09:30-да QR-төлеп жүйесінде ақау толығымен жойылды. Қазіргі кезде сервис істеп тұр", - дейді мамандар.
Айта кетері, өткен аптада Алматы метросының "Райымбек" станциясында бомба қойылғаны туралы хабар түскен.
Временные ограждения на станциях метро в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Алматы метросында бомба туралы хабарламадан кейін тексеру жүргізілді
Жаңалықтар
0