Алматы метросында бомба туралы хабарламадан кейін тексеру жүргізілді

© Photo : акимат АлматыВременные ограждения на станциях метро в Алматы
Временные ограждения на станциях метро в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
Метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Алматы метросының "Райымбек" станциясында бомба қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін комиссия тексеру жүргізді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға полиция хабарлады.
"Райымбек" станциясында метро қызметкерлеріне бір әйел жарылғыш құрылғы бар екені туралы хабарлаған. Ол дереу ұсталды", – делінген полиция хабарламасында.
Тиісті мамандар тартылған комиссия станцияны тексеріп шыққан.
"Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күдікті заттар табылған жоқ", – деп хабарлады полиция.
Комиссияның алдын ала мәліметінше, бомба туралы хабарлаған әйел Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
"Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.
Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.
Қайрат Нұртас - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Видео
Полиция әнші Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс қозғады
Жаңалықтар
0