Видео

Полиция әнші Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс қозғады

© Sputnik / Владислав ВодневҚайрат Нұртас
Қайрат Нұртас - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Жазылу
Себебі сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдардың шамадан тыс жиналуына әкеліп, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"Әлеуметтік желілерде адамдардың қаза болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаза болғандар жоқ. 1984 жылы туған концерт ұйымдастырушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полицияда.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Біреуінің жағдайы ауыр: Шымкентте концерттен кейін 8 адам медициналық көмекке жүгінген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Видео
Біреуінің жағдайы ауыр: Шымкентте концерттен кейін 8 адам медициналық көмекке жүгінген
Жаңалықтар
0