"Алматы – Өскемен" тас жолын жөндеу кезінде заңсыз өндірілген топырақ пайдаланылған

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаЖол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Жер қойнауын заңсыз пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал 115 млн теңгеден асты
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Жетісу облысында мемлекетке 115 млн теңгеден астам залал келтірген заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Республикалық маңызы бар "Алматы – Өскемен" автомобиль жолын күрделі жөндеу кезінде тас пен топырақты заңсыз өндіру фактісін анықталды.
Мердігер ұйымның тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау беткейінен тас пен топырақ өндіріп, оларды жол құрылысына негіз ретінде пайдаланған.

"Алдын ала есептеулер бойынша жер қойнауын заңсыз пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал 115 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Шетелдік казиноларға 191 млрд теңге аударған топтың заңсыз әрекеті әшкереленді
Жаңалықтар
0