https://sputnik.kz/20261108/qazaqstan-khokkeyshileri-qatarynan-ushinshi-ret-aziya-chempiony-atandy-68316013.html
Қазақстан хоккейшілері қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды
Қазақстан хоккейшілері қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан ерлер арасындағы Азия чемпионатының тарихында осы уақытқа дейін өткен үш турнирдің барлығында жеңіске жеткен жалғыз ел болып отыр 08.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-08T18:32+0500
2026-11-08T18:32+0500
2026-11-08T18:32+0500
хоккей
қазақстан
азия чемпионаты
https://sputnik.kz/img/old/963/03/9630324_0:38:2200:1276_1920x0_80_0_0_fc94a517289ad13bb1c0393c83e4d031.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан үшінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен жарыста ұлттық құрама финалда Оңтүстік Корея командасынан басым түсті, деп хабарлады Sports.kz.Талғат Жайлауовтың шәкірттері негізгі уақытта да, қосымша уақытта да қарсылас қақпасына шайба соға алмады. Оңтүстік Корея құрамасы да гол соққан жоқ. Сондықтан ойын жеңімпазы буллиттер сериясында анықталды.Ұзаққа созылған буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілер дәлірек ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бірде-бір рет жеңілмей аяқтады. Ұлттық құрама үш матчта үш жеңіске жетті. Алғашқы турда қазақстандықтар Жапонияны 3:2 есебімен жеңсе, кейін Қытай құрамасын 5:0 есебімен ұтты. Ал соңғы кездесуде Оңтүстік Кореядан буллиттер сериясында басым түсті (1:0).Сегіз ұпай жинаған Қазақстан қорытынды турнир кестесінде бірінші орын алды. Жапония алты ұпаймен күміс жүлдеге, Оңтүстік Корея төрт ұпаймен қола жүлдеге ие болды. Қытай құрамасы жарысты бірде-бір ұпай жинамай аяқтады.Айта кетері, Қазақстан құрамасы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өткен Азия чемпионаттарының үшеуінде де жеңіске жетті. 2024 жылы қазақстандық хоккейшілер Алматыда өткен алғашқы турнирде чемпион атанды. 2025 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен жарыста чемпиондық атағын қорғады. Ал биыл Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында тағы да жеңіске жетіп, қатарынан үшінші рет чемпион болды.
https://sputnik.kz/20260223/prezident-astana-team-balalar-khokkey-komandasyn-khalyqaralyq-zharystagy-zhenispen-quttyqtady-61387023.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/963/03/9630324_226:0:1975:1312_1920x0_80_0_0_425d8700891c720856f74becb5b8fdc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хоккей, қазақстан, азия чемпионаты
хоккей, қазақстан, азия чемпионаты
Қазақстан хоккейшілері қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды
Қазақстан ерлер арасындағы Азия чемпионатының тарихында осы уақытқа дейін өткен үш турнирдің барлығында жеңіске жеткен жалғыз ел болып отыр
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан үшінші рет Азия чемпионатын жеңіп алды. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен жарыста ұлттық құрама финалда Оңтүстік Корея командасынан басым түсті, деп хабарлады
Sports.kz. Талғат Жайлауовтың шәкірттері негізгі уақытта да, қосымша уақытта да қарсылас қақпасына шайба соға алмады. Оңтүстік Корея құрамасы да гол соққан жоқ. Сондықтан ойын жеңімпазы буллиттер сериясында анықталды.
Ұзаққа созылған буллиттер сериясында қазақстандық хоккейшілер дәлірек ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бірде-бір рет жеңілмей аяқтады. Ұлттық құрама үш матчта үш жеңіске жетті. Алғашқы турда қазақстандықтар Жапонияны 3:2 есебімен жеңсе, кейін Қытай құрамасын 5:0 есебімен ұтты. Ал соңғы кездесуде Оңтүстік Кореядан буллиттер сериясында басым түсті (1:0).
Сегіз ұпай жинаған Қазақстан қорытынды турнир кестесінде бірінші орын алды. Жапония алты ұпаймен күміс жүлдеге, Оңтүстік Корея төрт ұпаймен қола жүлдеге ие болды. Қытай құрамасы жарысты бірде-бір ұпай жинамай аяқтады.
Айта кетері, Қазақстан құрамасы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өткен Азия чемпионаттарының үшеуінде де жеңіске жетті. 2024 жылы қазақстандық хоккейшілер Алматыда өткен алғашқы турнирде чемпион атанды. 2025 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өткен жарыста чемпиондық атағын қорғады. Ал биыл Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында тағы да жеңіске жетіп, қатарынан үшінші рет чемпион болды.