Дүниежүзілік банк: Қазақстанда кедейлік деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Жазылу
Бұған негізінен адамдардың тұрақты жұмысқа орналасуы және жалақысының өсуі әсер етті
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Дүниежүзілік банк кейінгі жиырма жылда Қазақстанда кедейлік деңгейі айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Банктің мәліметінше 2006-2025 жылдар аралығында елдегі ресми кедейлік деңгейі 18,2 пайыздан 4,9 пайызға дейін азайған.

"Халықаралық критерийлер бойынша, яғни күніне 8,3 доллардан аз табыс табатын халықтың үлесі 2006-2024 жылдары 55,7 пайыздан 13,8 пайызға дейін төмендеді. Бұған негізінен адамдардың тұрақты жұмысқа орналасуы және жалақысының өсуі әсер етті", - деп жазылған "Кедейлік және теңдік туралы шолу" (Poverty & Equity Brief) есебінде.

Кедейлік деңгейі Қазақстанның барлық өңірінде төмендеді. Оның жыл сайынғы орташа төмендеу қарқыны шамамен 7,5 пайызды құрады.
Еске сала кетейік, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа ережесі күшіне енеді. Көмек мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен тиісті өңірде белгіленген кедейлік шегінің айырмасы негізінде есептеледі. Есептеу кезінде отбасының әрбір мүшесі ескеріледі.
Жаңа ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек табысы төмен азаматтарға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалады. Сонымен қатар еңбекке қабілетті мүшесі жоқ тұрмысы төмен отбасылар да бұл көмекті ала алады. Егер отбасындағы жалғыз еңбекке қабілетті адам үш жасқа дейінгі балаға күтім жасап отырса, отбасы шартсыз көмек алу құқығына ие болады.
Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болады. Бұл талап көмек алушының жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды көздейді.
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа ережесі бекітілді
Жаңалықтар
0