https://sputnik.kz/20261021/atauly-aleumettik-komek-korsetudin-zhana-erezhesi-bekitildi-67802288.html
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа ережесі бекітілді
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа ережесі бекітілді
Sputnik Қазақстан
Жаңа ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді 21.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-21T12:44+0500
2026-10-21T12:44+0500
2026-10-21T12:44+0500
әлеуметтік төлем
атаулы әлеуметтік көмек
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0ff3cffa0858a66d9510291317c79597.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа ережесі күшіне енеді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен тиісті өңірде белгіленген кедейлік шегінің айырмасы негізінде есептеледі. Есептеу кезінде отбасының әрбір мүшесі ескеріледі.Әлеуметтік көмектің екі түрі боладыЖаңа ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.Шартсыз ақшалай көмек табысы төмен азаматтарға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалады.Сонымен қатар еңбекке қабілетті мүшесі жоқ тұрмысы төмен отбасылар да бұл көмекті ала алады. Егер отбасындағы жалғыз еңбекке қабілетті адам үш жасқа дейінгі балаға күтім жасап отырса, отбасы шартсыз көмек алу құқығына ие болады.Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болады. Бұл талап көмек алушының жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды көздейді.Жаңа ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
https://sputnik.kz/20260826/atauly-aleumettik-komekti-zansyz-algan-6-adam-isti-boldy-66095997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_398:0:2647:1687_1920x0_80_0_0_15fa2476a2b79c3caced8f7f8a95114c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы
әлеуметтік төлем, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа ережесі бекітілді
Жаңа ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа ережесі күшіне енеді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен тиісті өңірде белгіленген кедейлік шегінің айырмасы негізінде есептеледі. Есептеу кезінде отбасының әрбір мүшесі ескеріледі.
Әлеуметтік көмектің екі түрі болады
Жаңа ережеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек табысы төмен азаматтарға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тағайындалады.
Сонымен қатар еңбекке қабілетті мүшесі жоқ тұрмысы төмен отбасылар да бұл көмекті ала алады. Егер отбасындағы жалғыз еңбекке қабілетті адам үш жасқа дейінгі балаға күтім жасап отырса, отбасы шартсыз көмек алу құқығына ие болады.
Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болады. Бұл талап көмек алушының жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды көздейді.
Жаңа ереже 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.