Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған 6 адам істі болды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Қазіргі таңда 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Байқоңырда 6 адам атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасы.
Олар табысын жасыру арқылы мемлекеттік бюджеттің 2,6 млн теңге қаражатын алған.
"Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді. Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Детские руки - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Атаулы әлеуметтік көмекке биыл 62 млрд теңге жұмсалады
Жаңалықтар
0