Ақтөбе облысында көлік жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2026
Жазылу
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, көлікті шығарып алды
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жеңіл автокөлік жол жиегіндегі жыраға аударылып кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға облыстық маңызы бар Ырғыз – Шалқар автожолының 40-шақырымында болған.
"Көлік салонында екі адам болған. Абырой болғанда, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Құтқарушылардың көмегінен кейін жолаушылар сапарын өздігінен жалғастырды", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты ТЖМ жүргізушілерге жолда сақ болу қажеттігін ескертті. Мамандар жылдамдықты сақтап, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге және көлік жүргізу кезінде мұқият болуға шақырды.
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды
Жаңалықтар
0