Маңғыстауда швейцариялық туристердің автоүйі аударылып қалды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында швейцариялық туристер мінген автоүй аударылып қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға "Бейнеу – Ақтау" тасжолында болған.
"Швейцариядан келген саяхатшылардың автоүйі аударылып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары шетелдік қонақтарға дереу көмекке келді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Саяхатшыларды көліктен құтқарушылар алып шықты.
Екі турист қонақ үйге орналастырылған, полиция автоүйге қатысты жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Жаңалықтар
0