Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

© Photo : Rico_LoebЖол апатының белгісі
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Жазылу
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбе облысындағы тас жолда автобус қатысуымен болған жол апаты туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде тарады.
Кейінірек 7 желтоқсанда "Самара-Шымкент" республикалық тас жолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны белгілі болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында бес адам көз жұмды. Автобустың тағы 11 жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.
Апат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та "Самара-Шымкент" тас жолының 1024-ші шақырымында автобус аударылып қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Әйтеке би ауданының Ұлғайсын ауылының маңында Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай "Самара-Шымкент" тас жолымен келе жатқан автобус жүргізушісі көлік жүріп келе жатқанда автобусты оңға аударып жіберген", - деп хабарлады полиция.
Пермьнен Ташкентке бара жатқан автобуста 49 Өзбекстан азаматы болған.
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2025
Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды
Жаңалықтар
0