Ақмола облысында автобус экскаватормен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды

© Photo : Sergek GroupМобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2025
Жазылу
Соқтығысқаннан кейін экскаватор жанып кеткен
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында жолаушылар автобусы мен экскаватор соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, оқиға Қарқаралы тасжолында Қабанбай батыр және Қызылжар ауылдарының арасында болған. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалған.
Бірнеше жолаушы түрлі жарақат алған. Соқтығысқаннан кейін экскаватор жанып кеткен.
"Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетті. Гидравликалық құралдардың көмегімен олар жүргізушіні абайлап шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген ведомство хабарламасында.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Экскаватордағы өрт өшірілді. Қаза тапқандар жоқ
Жаңалықтар
0