"ҚазТрансОйл" 23 жылдан кейін мұнай құбырларын басқарудың бірыңғай жүйесін құруды аяқтады

© Photo : Предоставлено АО "КазТрансОйл""ҚазТрансОйл" 23 жылдан кейін мұнай құбырларын басқарудың бірыңғай жүйесін құруды аяқтады
ҚазТрансОйл 23 жылдан кейін мұнай құбырларын басқарудың бірыңғай жүйесін құруды аяқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Компания енді мұнай тасымалын орталықтан бақылай алады
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ 2003 жылдан басталған ауқымды жобаны аяқтап, магистральдық мұнай құбырларын басқарудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құруды толығымен тәмамдады.
Жоба магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдауға қатысты елдің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін стратегиялық маңызға ие.

"Мұнай тасымалдаудың біртұтас жүйесі мұнайды ішкі және сыртқы нарықтарға тұрақты және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуде, сондай-ақ Қазақстан мен нарық қатысушыларының экономикалық әрі стратегиялық мүдделерін қорғауда маңызды рөл атқарады", - дейді компания.

Атасу – Алашанькоу мұнай құбыры жүйеге ең соңғы болып қосылды.
Енді компания мұнай тасымалдау процесін орталықтандырылған түрде бақылап, іркілістерге жеделірек әрекет ете алатын болады, дейді "ҚазТрансОйл".
Мұнай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жыл басынан бері "Кеңқияқ – Атырау" құбыры арқылы 4,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Жаңалықтар
0