https://sputnik.kz/20260914/zhyl-basynan-beri-kenqiyaq--atyrau-munay-qubyry-arqyly-43-mln-tonna-munay-tasymaldandy-66611503.html
Жыл басынан бері "Кеңқияқ – Атырау" құбыры арқылы 4,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Жыл басынан бері "Кеңқияқ – Атырау" құбыры арқылы 4,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Sputnik Қазақстан
"ҚазТрансОйл" АҚ мен CNPC бірлесіп бақылайтын еншілес компания 8 айдағы өндірістік қызметтің қорытындысын жариялады 14.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-14T11:03+0500
2026-09-14T11:03+0500
2026-09-14T11:03+0500
мұнай
құбыр
тасымалдау
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66608783_0:100:1016:673_1920x0_80_0_0_9527237563bced30e3a5ca2f100c24ea.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Есепті кезеңде "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 4 млн 302 мың тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады "ҚазТрансОйл".Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 394 мың тоннаға немесе 10%-ға артық.2026 жылдың 8 айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 1 млрд 784 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125 млн тонна-шақырымға немесе 8%-ға жоғары.Өндірістік көрсеткіштердің өсуі, ең алдымен, отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес экспорттық бағыттағы мұнай тасымалдау көлемінің артуымен байланысты, дейді компанияда.
https://sputnik.kz/20260825/shymkent-munay-ondeu-zauytynda-elektr-zhelisinde-irkilis-tirkeldi-66081063.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66608783_0:25:1016:788_1920x0_80_0_0_fe4115502cb8a55bea730d3fad894a1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, құбыр, тасымалдау
Жыл басынан бері "Кеңқияқ – Атырау" құбыры арқылы 4,3 млн тонна мұнай тасымалданды
"ҚазТрансОйл" АҚ мен CNPC бірлесіп бақылайтын еншілес компания 8 айдағы өндірістік қызметтің қорытындысын жариялады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Есепті кезеңде "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 4 млн 302 мың тонна мұнай тасымалданды, деп хабарлады "ҚазТрансОйл".
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 394 мың тоннаға немесе 10%-ға артық.
"Оның ішінде компания ішкі нарыққа 3 млн 618 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 261 мың тоннаға немесе 8%-ға жоғары. Экспортқа 685 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл өткен жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 133 мың тоннаға немесе 24%-ға артық", - депжазылған хабарламада.
2026 жылдың 8 айында "Кеңқияқ – Атырау" магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 1 млрд 784 млн тонна-шақырымды құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125 млн тонна-шақырымға немесе 8%-ға жоғары.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуі, ең алдымен, отандық мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа тасымалдау көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес экспорттық бағыттағы мұнай тасымалдау көлемінің артуымен байланысты, дейді компанияда.