Шымкент мұнай өңдеу зауытында электр желісінде іркіліс тіркелді

© ИА "Новости-Казахстан"Шымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Мұнай өнімдерін өндіру және тиеу штаттық режимде жүріп жатыр
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында электр желісінде іркіліс туындады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" компаниясы.
Ресми мәліметке сәйкес, сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінде электр кернеуі бәсеңдеген.
"Электрмен жабдықтау жұмысы қалпына келтірілді. Зауыттағы бір технологиялық қондырғы қайта іске қосылып жатыр", - дейді компанияда.
Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" өндірістік нысандар қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
"Бұл оқыс жағдай мұнай өнімдерінің күнделікті өндірісіне әсер етпеді, өндіру және тиеу жұмыстары штаттық режимде жүріп жатыр", - делінген мәлімдемеде.
Объекты АНПЗ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді
Жаңалықтар
0