Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өрт сөндірілді

Объекты АНПЗ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Өрт дереу оқшауланып, одан әрі таралуына жол берілмеді
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағындағы өрт толық сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"25 тамызда сағат 12:55-те "112" пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нысанның ерекшелігі ескеріле отырып, ТЖМ күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына дереу жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0