Қазақ еліне +1 миллиардер: Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

© Photo : Жаслан Мәдиевтің желідегі парақшасыЖаслан Мәдиев Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын табыстады.
Жаслан Мәдиев Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын табыстады. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Қазақстан жасанды интеллектіні дамытуға және технология саласындағы таланттарды тартуға басымдық беріп отыр
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Оның төлқұжатын жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстады.
Министр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, 2026 жылғы 30 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматтығын беру туралы тиісті жарлыққа қол қойған.
"Президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән береді. Біз болашақ технологияларын жасайтын мамандардың өз жоспарларын Қазақстанмен байланыстырып, идеяларын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерді елімізден тапқанын қалаймыз", – деп жазды Жаслан Мәдиев.
Министр Алекс Машрабов пен оның әріптестерінің жетістігі қазақстандық жастарға үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда еңбек ете отырып, әлемдік деңгейдегі технологияларды жасауға, жетекші компаниялармен бәсекелесуге және халықаралық нарықтарға шығуға болатынын айтты.
"Алекс, Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің азаматы болуды таңдағаныңыз үшін рақмет. Бірлесе таланттарды қолдап, жаңа өнімдер жасап, Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтамыз деп сенемін", – деп түйіндеді министр.
ИИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Мүфтият марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0