https://sputnik.kz/20261101/muftiyat-marqumdardy-zhasandy-intellekt-arqyly-tiriltuge-qatysty-pikir-bildirdi-68120315.html
Мүфтият марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді
Мүфтият марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Басқармада хабарлағандай, мұндай әрекет арқылы марқұмға айтпаған сөздерді айтқызып немесе жалған ақпарат таратылса, онда бұған қатаң тыйым салынады 01.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-01T19:53+0500
2026-11-01T19:53+0500
2026-11-01T19:53+0500
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
жасанды интеллект
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:138:1034:720_1920x0_80_0_0_197915c6271cc464596b3c79a4228b33.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазіргі таңда жасанды интеллект суреттерді өзгертуге, адамның бейнесін қозғалысқа келтіруге және дауысын имитациялауға мүмкіндік береді.. Осы тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді.Ресми мәлімдемеге сәйкес, егер мұндай "тірілту" оны сағынғанда еске алу, көңіл жұбату немесе адамды жақсы естеліктермен еске алу мақсатында орындалса, онда мұндайда технологияны қолдануға рұқсат етіледі, бұл шариғатқа қайшы емес."Егер марқұмның бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыру адамның шынайы өмірден алшақтауына, өткен шаққа байланып қалуына, қайғы-қасіретін қайта күшейтуіне немесе Алланың өлім туралы белгіленген тағдырына қарсылық сезімін тудыруына себеп болса, мұндай әрекетке тыйым салынады. Өйткені бұл адамның өзіне және оның жақындарына рухани әрі психологиялық зиян келтіруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.Басқармада хабарлағандай, мұндай әрекет арқылы марқұмға айтпаған сөздерді айтқызып немесе жалған ақпарат таратылса, онда бұған қатаң тыйым салынады. Сол секілді, мұндай технологиялық өзгертілген бейнелерді коммерциялық жарнамаларда пайдаланып, өнімді шынайы емес түрде насихаттау үшін қолданылса, бұл адамдарды алдау және олардың мал-мүлкін әділетсіз долмен иеленуге әкеледі. Бұған да шариғатта тыйым салынған.
https://sputnik.kz/20260909/oqushynyn-oramal-taguy-onyn-bilim-aluyna-kedergi-bolmauy-tiis---muftiyat-66517950.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59692068_0:59:881:720_1920x0_80_0_0_e69f949b20850836692a60db01417a4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, жасанды интеллект, жалған ақпарат
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, жасанды интеллект, жалған ақпарат
Мүфтият марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді
Басқармада хабарлағандай, мұндай әрекет арқылы марқұмға айтпаған сөздерді айтқызып немесе жалған ақпарат таратылса, онда бұған қатаң тыйым салынады
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазіргі таңда жасанды интеллект суреттерді өзгертуге, адамның бейнесін қозғалысқа келтіруге және дауысын имитациялауға мүмкіндік береді.. Осы тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы марқұмдарды жасанды интеллект арқылы "тірілтуге" қатысты пікір білдірді.
"Ислам фиқһ негіздері қағидасы бойынша "Бір нәрсеге берілетін үкім оны дұрыс түсініп, мәнін анықтауға байланысты" деп белгіленген. Сондықтан қайтыс болған адамдардың суреттерін жасанды интеллект арқылы қозғалысқа келтірудің үкімі оны қолдану мақсаты мен нақты жағдайына қарай әртүрлі болады", - деді басқармада.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, егер мұндай "тірілту" оны сағынғанда еске алу, көңіл жұбату немесе адамды жақсы естеліктермен еске алу мақсатында орындалса, онда мұндайда технологияны қолдануға рұқсат етіледі, бұл шариғатқа қайшы емес.
"Егер марқұмның бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыру адамның шынайы өмірден алшақтауына, өткен шаққа байланып қалуына, қайғы-қасіретін қайта күшейтуіне немесе Алланың өлім туралы белгіленген тағдырына қарсылық сезімін тудыруына себеп болса, мұндай әрекетке тыйым салынады. Өйткені бұл адамның өзіне және оның жақындарына рухани әрі психологиялық зиян келтіруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Басқармада хабарлағандай, мұндай әрекет арқылы марқұмға айтпаған сөздерді айтқызып немесе жалған ақпарат таратылса, онда бұған қатаң тыйым салынады. Сол секілді, мұндай технологиялық өзгертілген бейнелерді коммерциялық жарнамаларда пайдаланып, өнімді шынайы емес түрде насихаттау үшін қолданылса, бұл адамдарды алдау және олардың мал-мүлкін әділетсіз долмен иеленуге әкеледі. Бұған да шариғатта тыйым салынған.