Қандастардың үздік стартап жобалары анықталды

ИИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Жобалар ұлттық мұра мен тіл, қандастарды қолдау, білім беру, бизнес пен цифрлық сервис, экология, инклюзия және денсаулық салаларын қамтыды
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Отандастар қоры "OQ Startup" үздік жоба байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Байқауға Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Иран, Германия, АҚШ және Швейцариядан 70-ке жуық қатысушы өз жобасын ұсынды. Олардың қатарында шетелдегі белсенді қандас жастар, сондай-ақ еліміздің 10-нан астам университетінде түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер мен дайындық бөлімінің тыңдаушылары бар.
Жобалар ұлттық мұра мен тіл, қандастарды қолдау, білім беру, бизнес пен цифрлық сервис, экология, инклюзия және денсаулық салаларын қамтыды. Бірқатар жоба жасанды интеллект технологияларына негізделген.
Бас жүлде Моңғолиядан келген Бақыт Рысбектің жобасыны табысталды.
I орын – ÜNDES.kz, қазақ ым-ишара тілін дыбыстайтын платформа. Авторы – Бақыт Рысбек;
II орын – ThermaWise AI, дата-орталықтарда су мен энергияны үнемдейтін жасанды интеллект жүйесі. Авторы — Мухамедали Серикжан;
III орын – Hurim App, қазақтың тойын жоспарлауға арналған қосымша. Авторы – Айша Бейбітхан.
Ынталандыру сыйлығының иегерлері:
Borrow Box – Чамани Пардис Раджаб (Иран);
EcoQadam – Ажихан Турсынбаев (Өзбекстан);
"Көпір" – Ербол Елқұт (ҚХР), Тойлат Азамат (Моңғолия), Сүлеймен Көгершін (Моңғолия);
Altai Brothers – Бердіқажы Есентай (Моңғолия);
PARAQ & JOY – Ботакөз Махсул (Моңғолия);
Qorgau Kids – Ахбота Байлау (Моңғолия);
Volu Hub – Нурмухаммед Худайберген (Моңғолия);
"ІСКЕ" – Еркежан Тілеухан (Моңғолия);
"SENIM" Healthy Box — Ақмарал Рахметхан (Моңғолия).
Айта кетері, "OQ Startup" байқауы шетелдегі қандас жастар мен отандық студенттердің бастамаларын қолдап, олардың жобаларын Қазақстанның даму басымдықтарымен ұштастыруға бағытталған.
Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді
Жаңалықтар
0