Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді

© Photo : Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді
Қазақстандық оқушының стартап жобасы Google грантын иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Жазылу
Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстандық оқушының TabAI стартап жобасы Google грантын иеленді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Павлодар қаласының 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк TabAI стартапын өз бетінше әзірлеген.
Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші, ол пайдаланушының цифрлық белсенділігін талдап, тапсырмаларды жүйелеуге және жұмыс үдерістерін басқаруға көмектеседі. Өнім ақпараттық жүктемені азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда TabAI платформасын әлем бойынша шамамен 20 мың қолданушы пайдаланады.
"Жоба халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, стартап 35 мың доллар көлеміндегі инвестицияны, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға арналған Google грантын алды", - деп жазылған хабарламада.
Жас шектеулеріне қарамастан, Y Combinator командасы Игорьді Кремний алқабындағы YC Startup School бағдарламасына қатысуға шақырған.
Сонымен қатар Игорь Мартынюк жасанды интеллект саласындағы қарқынды дамып келе жатқан Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанды. Бұл рөлде ол Қазақстан мен Орталық Азияда әзірлеушілер қауымдастығын дамытып, хакатондар, митаптар және білім беру іс шараларын ұйымдастырады.
Игорь алдағы уақытта жобаны дамытуды жалғастырып, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және Y Combinator негізгі іріктеуіне өтінім беруді жоспарлап отыр.
Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Робототехника бойынша әлем чемпионы: қазақстандық оқушы Stanford-тың толық грантын иеленді
Жаңалықтар
0