https://sputnik.kz/20260326/robototekhnika-boyynsha-alem-chempiony-qazaqstandyq-oqushy-stanford-tyn-tolyq-grantyn-ielendi-62188730.html
Робототехника бойынша әлем чемпионы: қазақстандық оқушы Stanford-тың толық грантын иеленді
Робототехника бойынша әлем чемпионы: қазақстандық оқушы Stanford-тың толық грантын иеленді
Sputnik Қазақстан
Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді 26.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-26T22:31+0500
2026-03-26T22:31+0500
2026-03-26T22:31+0500
оқушы
білім
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62188562_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_3401775a82cfe23b3dbd16165e67a7a9.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Министрлік мәліметінше, Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен."Алихан Сериков робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды", - дейді ведомствода.Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.Ол Stanford университетінде Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт болып табылады.
https://sputnik.kz/20260314/semeylik-oqushy-nauryz-ayyndagy-ubt-da-140-ball-zhinady-61844730.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62188562_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_841846823c8a4ecf40b29f56a09c0541.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, білім, министрлік
Робототехника бойынша әлем чемпионы: қазақстандық оқушы Stanford-тың толық грантын иеленді
Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің толық грантын иеленді, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
"Қазақстандық оқушы Алихан Сериков Stanford University университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен.
"Алихан Сериков робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды", - дейді ведомствода.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.
Ол Stanford университетінде Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт болып табылады.