Павлодарда жасөспірім қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПавлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды
Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Жігіт қылмысы үшін 12 жылға сотталған болатын
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Павлодар облысында жасөспірім қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, былтыр 19 жастағы жігіт 15-ке келген қызбен хат алмасып жүріп, үйінде кездесуге көндірген.
Сол жерде екеуінің арасында интимдік байланыс болған. Оны білген қыздың анасы полицияға арыз түсіріп, кейін жас жігіт 12 жылға сотталып кеткен. Жақында ол түрмеде өлі табылды.
Қазіргі кезде адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларынан барлық жазба алынды.
"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде кәмелетке толмағанға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген сотталған адам асылып өлген", - делінген ресми хабарламада.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды
Жаңалықтар
0