Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі өлі табылды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдын ала мәлімет бойынша ол өзіне қол жұмсаған.
"18 мамырда 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Ерлан Смайылов биыл 17 ақпанда ғана әкім қызметіне тағайындалған. Бұған дейін ол "Майское-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметін атқарған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Оқиға
Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар
0