Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуМедициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады
Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2026
Жазылу
Теріс нәтиже көрсеткендердің ең көп саны Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстарында тіркелген
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Елде перзентхана, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының басшылары мен олардың орынбасарларын аттестаттау жалғасып жатыр.
Нәтижесінде тестілеуге қатысушылардың 20%-ы шекті балын жинай алмаған.
Осы уақытқа дейін 15 өңірден 235 адам қатысқан. Алдын ала нәтижелер бойынша 188 қатысушы немесе 80%-ы тестілеуден сәтті өткен. Тағы 47 адам (20%) қажетті балл жинай алмаған. Олардың қатарында 25 басшы және 22 басшының орынбасары бар. Сонымен қатар 27 адам тестілеуге келмеген.

"Теріс нәтиже көрсеткендердің ең көп саны Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл үш өңірге өту балын жинай алмаған қатысушылардың жалпы санының 55,3%-ы тиесілі", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Астана қаласы мен Павлодар облысында барлық қатысушылар тестілеуден сәтті өткен.

Аттестаттау тек аталған медициналық ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты жүргізілген.

Министрліктің айтуынша, тесттен өте алмағандар алты айдан кейін қайта тапсырады. Олар екінші кезең - сұхбатқа жіберілмейді.
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруды тапсырды
Жаңалықтар
0