Тоқаев педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыруды тапсырды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции
Касым-Жомарт Токаев выступил на пленарном заседании Республиканской Августовской конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жазылу
Мұғалімдер артық жүктеменің және қағазбастылықтың көп екенін айтып, шағымданып отыр
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету үшін "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы құрылды. Бірақ бүгінде бұл ұйымның жұмысы мардымсыз деуге болады. Мәселен, маған ұстаздардан аттестация ережесін қайта қарау туралы көптеген өтініш келіп түсті. Мұғалімдер артық жүктеменің және қағазбастылықтың көп екенін айтып, шағымданып отыр. Осыған орай, мен педагогтерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру, жетілдіру жөнінде нақты тапсырма бердім", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша мейлінше түсінікті әрі ашық жүйе керек. Тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, көп ұзамай нақты ұсыныстар беруге тиіс.
"TALIS-2024 (The OECD Teaching and Learning International Survey) зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен екінші орында тұр. Сондай-ақ ұстаздардың еңбекақыға қанағаттану өлшемі бойынша еліміз әлемдегі алғашқы бес мемлекеттің қатарына кіреді", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Атап айтқанда, ұстаздардың 95 пайызы өз жұмысына көңілі толатынын айтқан. Ал 80 пайызы осы мамандықты қайта таңдауға дайын екенін жеткізген.
Шымкенттегі №36 мектептің мұғалімі Айгүл Жұбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
"Жылап жіберді": Шымкентте мұғалім оқушыны ажалдан аман алып қалды
Жаңалықтар
0